Ол есірткіге байланысты сотталған жастардың тағдыры мен ата-аналардың қайғысын көргенін айтып, бұл мәселенің қаншалықты ауыр екенін жеткізді.
Ләйлә Сұлтанқызы есірткі мәселесіне қатысты жазба жариялап, қоғамдағы өзекті мәселеге назар аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол есірткіге байланысты сотталған жастардың тағдыры мен ата-аналардың қайғысын көргенін айтып, бұл мәселенің қаншалықты ауыр екенін жеткізді.
«Былтыр есірткі таратқаны үшін сотталған жастардың ата-аналарымен кездесуде болғанмын. Дені өрімдей жас ұл-қыздар… Өмірі енді басталуы керек еді. Ал олардың жастығы темір тордың ар жағында өтуде. Ең ауыры – таратқан да, тасымалдаған да, қолданған да бір жаза. Аналардың көз жасы әлі көз алдымда. Жүрекке қатты батады. Содан бері бұл дерт тоқтаған жоқ. Өткендегі «танымал адамдарды да тексеру» туралы ұсынысымды кейбірі хайп деп айыптаған еді. @elorda.maslihat Ал бүгін Қазақстанда кейбір мемлекеттік қызметшілерге есірткі және психотроптық заттарға міндетті тексеру енгізілетіні белгілі болды», – деп жазды ол.
Сондай-ақ журналист бұл мәселені саясатпен байланыстырмайтынын, ең алдымен адам тағдыры мен ана жүрегінің қасіреті екенін атап өтті.
«Мен үшін бұл — саясат емес. Мен үшін бұл — ана жүрегінің мәселесі. Есірткімен күрес – статистика үшін емес. Тағдырлар үшін», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.