Өнер иесі ұзақ сапардан енді ғана оралғанын айтып, дайындыққа бірден кіріскенін жеткізді.
Қазақстандық әнші Қарақат әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы концерттері туралы жазба жариялап, гастрольден кейінгі жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі ұзақ сапардан енді ғана оралғанын айтып, дайындыққа бірден кіріскенін жеткізді.
«Ұзақ ән сапардан енді ғана оралып жатырмыз. Бір қаладан бір қалаға асығып жүріп, осы концертке арнайы дайындалуға да уақыт тапшы болды. Есімізді жиып, балаларымызға соғуға мұрша болмай, Алматыдан бір-ақ шықтық…», - деді ол.
Әншінің айтуынша, концерт беру – үлкен жауапкершілік. Қазір барлық күш-жігерін алдағы кешке бағыттап отыр.
«Концерт беру үлкен жауапкершілік. Енді, міне, бар күш-жігерімізді жинап, бас қалада өтетін концертімізге дайындыққа кірістік. Алла қуат берсін!».
Сондай-ақ ол еліміздің түрлі қалаларында өткен концерттердің аншлагпен өткенін атап өтті.
«Шүкір, еліміздің барлық қалаларында өткен концерттеріміз аншлагпен, үлкен ықыласпен өтті. Сол сенім мен қолдауды енді Алматы мен Астана көрерменінен күтеміз.Сағынысып қауышатын, бірге ән шырқап, бірге қуанатын күнге аз ғана уақыт қалды. Баршаңызды ән мерекесінде көруге асықпыз!», - деді Әбілдина.
Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, концерттерін асыға күтетіндерін жазып жатыр.