$ 462.91  542.16  6.16

«Жай ғана өмір сүргім келмейді»: Төреғалидің қарындасы күтпеген жазба жариялады (ФОТО)

Ол өміріндегі әрбір сәтке шүкір етіп, жаңа жасында рухани өсуге ниетті екенін жеткізді.

Фото: farizatoreali парақшасынан
Фото: farizatoreali парақшасынан

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында 25 жасқа толғанын айтып, жүрекжарды жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол өміріндегі әрбір сәтке шүкір етіп, жаңа жасында рухани өсуге ниетті екенін жеткізді.

«Менің ғажап 25-ім  Раббыма барлық нығметтерім мен өмірімдегі әр сәттер үшін шексіз шүкір етемін.  Жай ғана өмір сүргім келмейді. Алла бойыма берген қабілеттерін лайықты түрде қолданып, Оның жолында игіліктерді толтыра берсем деймін... Әр жыл – мен үшін есеп беру. Не істедім, не істемедім, қайда бара жатырмын, ниетім не?… Осы жасымды Раббым – нағыз рухани ілімнің бастауы, тереңдікті, қауымға пайдалы бола алуымды нәсіп етсе екен, амин», - деді ол. 

Сондай-ақ Фариза оқырмандарына алғыс айтып, жақындарының жанында болғанына ризашылығын білдірді.

«Әдемі ғана сәттермен бөлісіп қояйын. Жылы естеліктер. Ең бастысы – ең жақындарым қасымда. Менімен әрдайым бірге – оқырмандарыма бөлек алғыс. Сіздердің жылы лебіздеріңіз әдемі энергиямен осында қалсын. Тілектеріңізді қабылдаймын». 

Желі қолданушылары Фаризаны жаңа жасымен құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1