$ 462.91  542.16  6.16

«Тағы 50 пәтер!»: Баян Алагөзованың кәсіпкер күйеуі қызметкерлеріне тағы баспана сыйламақ (ВИДЕО)

Мен сенімен қатты мақтанамын, жаным!

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлерін қуантатын жаңалықпен бөлісті. Кәсіпорынның 50 жылдық мерейтойына орай зауыт ұжымына 50 пәтер табысталмақ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде жазып, қуанышын жасырмады.

«ШСЗ қызметкерлеріне тағы 50 пәтер – аңызға айналған кәсіпорынның 50 жылдығына орай! Мен сенімен қатты мақтанамын, жаным», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Шымкент сыра зауыты – еліміздегі тарихы терең өндіріс орындарының бірі. Ал бұл бастама кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетілген ерекше қолдау ретінде бағаланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0