$ 462.91  542.16  6.16

«Нағыз лайықты іс»: Аргентинадағы мектепте Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды (ВИДЕО)

Димаштың есімі Аргентина мектебінде мәңгі сақталады!

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайбергеннің аргентиналық жанкүйерлері музыкалық құралдар тапшылығы бар мектептерге көмек көрсету үшін қайырымдылық жобасын іске қосты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жоба балаларға музыкамен айналысу мүмкіндігін беріп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Алғашқы қатысушы мектеп – Мар-дель-Плата қаласындағы Хосе де Сан-Мартин атындағы №5 бастауыш мектебі.

Жанкүйерлер музыкалық құралдарды жеткізу үшін 400 километрден астам жол жүріп, мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында Димаштың шығармашылық жолы мен Қазақстанның мәдениеті таныстырылды. Мектепте ұлттық киімдер мен ақпараттық материалдардан көрме қойылды.

Ең ерекше сәті – музыкалық кабинетке Димаш Құдайбергеннің есімін беру болды. Бұл Аргентинада сирек кездесетін тәжірибе. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс дипломдары мен сыйлықтар табыс етілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0