05.05.2026, 03:30

«Баламның қуығына ине тыққан»: Айгүл Иманбаева отбасына қатысты жантүршігерлік оқиғаны айтты (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Кафедегі әйелдердің дәретханасында кішкентай есік бар.

Әнші Айгүл Иманбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында біраз былықтың бетін ашты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, белгісіз біреулер өздерін дуаламақшы болған. 

"Кафедегі әйелдердің дәретханасында кішкентай есік бар. Сол кішкентай есік өзімен өзі ашылып кете береді. Соны жауып тастауды өтіндім. Ішінде қоқыс жоқ па екен деп жарық жағып қарағанымда, бума-бума қағаз таптым. Алып қарасам ұлым екеуміздің суретіміз. Барлық жерімізге ине қадалған. Асқазан, жүрек, қуық жақтың барлығына ине тығып қойған. Екеуміздің арамызды жақсылап бөліп тастаған. Мен ондайды тек кинодан көргенмін. Сосын іздей бастадық. Айнаның артынан, канализацияның трубасынан барлық жерден 300-ге жуық сурет таптық. Содан жұмыстан кейін іздеуді әдетке айналдырдық. Ине, түйреуіш, топырақ, қасық, қан, шаш түрлі нәрсе таптық. Жұмыс жүрмейді, түгел минусқа кеттік", - деді Айгүл Иманбаева. 

Желі қолданушылары аталған жағдайға түрлі пікір жазды.