04.05.2026, 21:30

«Аллаға мың шүкір»: Көпшілікке «Балқия» есімімен танылған актриса сүйінші жаңалығын айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/nurgyl.myngatova

Бауы берік болсын!

"Келінжан" телехикаясы арқылы көрерменге Балқия есімімен танылған Нұргүл Мыңғатова екінші рет ана атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

42 жастағы актриса қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Аллаға мың шүкір. Қызды болдық. 30.04.26", – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары актрисаны құттықтап, сәбиге ақ тілектерін жаудырды. Пікір қалдырғандардың қатарында бұл жаңалыққа таңданысын жасырмағандар да болды.

"Бауы берік болсын", "Ғұмырлы болсын қызғалдағың", "Әсем қыз болып өссін", "Сұлу қыздың бауы берік болсын, кішкентай Балқия", "9 ай бойы қалай үндемей шыдадыңыз?" – деп жазды желі қолданушылары.