05.05.2026, 11:40

«Санаулы күндерден соң»: Димаш Құдайбергеннің күйеу баласы сүйінші сұрады

Фото: видеодан алынған кадр

Бейнежазбада ерлі-зайыпты жаңа ән әуенімен би билеп, жылы әрі шынайы атмосфера қалыптастырған.

Ермахан Аймахан әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайымен бірге түскен әсерлі видеоны жариялап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бейнежазбада ерлі-зайыпты жаңа ән әуенімен би билеп, жылы әрі шынайы атмосфера қалыптастырған.

Оқырмандар өнер иесінің отбасылық үйлесіміне сүйсініп, пікір қалдыруда.

Айта кетейік, «Тағдырыма кел» деп аталатын жаңа туынды махаббат тақырыбын нәзік жеткізетін лирикалық ән ретінде ұсынылған.

Өнер иесі алдағы премьераға да дайындалып жатқанын жеткізді.

«Санаулы күндерден соң премьера! Әзірге видео түсіріп салсаңыздар, қуанышты боламын», – деп жазды ол.