06.05.2026, 01:30

«Мәңгілік мекеніне кетті»: Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева қара жамылды

Фото: qazaqconcert.kz

Желі қолданушылары Айгүл Елшібаеваға көңіл айтып, қайғысына ортақтасуда.

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева анасының өмірден өткенін әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.  Өнер иесі жүрекжарды жазбасында анасына деген сағынышын жеткізіп, ауыр қазаны бөлісті.

«Ақ сүт беріп өсірген анамның адалынан емген ақботасы ем, Алла ісіне шара бар ма, ақ мамамнан айырылып қалдым. 84 жасқа келіп дүниеден өтті. Мәңгілік мекеніне кетті. Анамның Алла алдынан жарылқасын», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Айгүл Елшібаеваға көңіл айтып, қайғысына ортақтасуда.