$ 465.01  543.55  6.15

«Табиғи сұлулық»: Айқынның жары жаңа суреттерімен елді таңқалдырды (ФОТО)

Өнер иесі ашық иықты, жарқын түсті көйлекпен бой көрсетті.

Фото: @zhuldyzomirgali_official
Фото: @zhuldyzomirgali_official

Қазақстандық актриса, тележүргізуші, «КешYOU» тобының бұрынғы солисі Жұлдыз Өмірғали бірнеше ай бұрын босанғаннан кейін қайта қалпына келіп, сәнді образымен әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аудартты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі ашық иықты, жарқын түсті көйлекпен бой көрсетті. Бұл киім оның сымбатты мүсінін айқын көрсетіп, образын ерекше нәзіктікпен толықтырған. Жұлдыз образын әшекей бұйымдармен әрлеп, шашын голливуд стилінде толқынды етіп сәндеген.

Желі қолданушылары актрисаның сырт келбетіне жылы пікірлер қалдырып, комплименттерін жаудырды. Олардың арасында «Өте әдемі образ», «Сіз нағыз сұлусыз», «Сізге бұл стиль керемет жарасады», «Табиғи сұлулық» деген пікірлер бар.

Айта кетейік, Жұлдыз Өмірғали өткен жылдың соңында екінші рет ана атанған болатын. Соған қарамастан ол қысқа уақыт ішінде қайта қалпына келіп, бұрынғы қалпына келген сымбатын көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0