06.05.2026, 16:40

«Үнемі тізгінімді тартып отырады»: Жеңіс Ысқақова күйеуінің ұнамсыз тұсын айтты (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Менің күйеуім маған ғана ән айтып береді.

Әнші Жеңіс Ысқақова «Keshrec»бағадрламасында берген сұхбатында жолдасы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Менің күйеуім маған ғана ән айтып береді. Тек үйде. Ол – спортшы. 35 жыл сабақ беріп жүрді. Енді бозкілемге қайта оралды. Өзінің 60 жасына қарамастан, әлем чемпионатында қол жүлде алды», - деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі жолдасының көрегенділік қасиеті туралы сөз етті.

«Күйеуіммен бірге жүрген ұнамайды. Үнемі тізгінімді тартып отырады. Ол – дұрыс. Өнер адам болғандықтан, арқамыз бар. Кейде қатты күліп қоямыз. Сол кезде күйеуім «жай-жай, ақырын» деп басып отырады.  Негізінде ол кісі қолымнан ешқашан қаққан емес.

Концерт, түсірілім сиреп бара жатса, «Ешкім сені іздемей кетті. Өзіңнің бар екенін білдіріп, елмен хабарласып тұр» деп қамшылап тұрады», - деді ол.