06.05.2026, 17:40

«Жүрегім қысылып аузыма тығылады»: Айгүл Иманбаева дертке душар болғанын айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Желі қолданушылары осы тұста Иманбаева дуа жасалуы мүмкін дегенді жазды. 

Танымал әнші Айгүл Иманбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында белгісіз аурумен күрескенін айтты, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, шетелдегі оқуын аяқтап елге келген соң дертке душар болған. 

"Қыркүйек айында келіп жұмысқа кірісудің орнына екі бүктетіліп жатып қалдым. Ауруымның диагнозы жоқ. Жүрегім қысылып аузыма тығылады. Қысылғаннан жылаймын. Тек жата беремін. Түнде жүрегім аузымнан шығардай тарсылдайды. Ұйқы жоқ. Таңертең бар күшімді жиып жұмысқа барайын десем тағы екі бүктеліп жатамын. Ешнәрсе істегім келмейді. Одан кейін компаниямның басшысы Ұлдарға онкологияға күдік бар дейді. Екеуміз екі жаққа жатып қаламыз, жұмыс жайына қалды. Түгел минусқа кеттік", - деді ол.

Желі қолданушылары осы тұста Иманбаева дуа жасалуы мүмкін дегенді жазды.