$ 465.01  543.55  6.15

«Сізге басымды иемін, ұлы әйелсіз»: Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға құрмет көрсетті (ВИДЕО)

Қазақтың даңқты әйелімен әңгімелескен Баян Мақсатқызы, оның қазақ өнеріне қосқан еңбегі ерен, қайталанбас рөлдерді сомдағанын айтты. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Баян Алагөзова қазақтың "Қыз Жібегі" атанған Меруерт Өтекешоваға иіліп сәлем салды. Ол ардагер актрисаны өзінің студиясында гүл шоғымен қарсы алып, қобалжып тұрғанын жасырмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Бізде бұлай істемейді. Бірақ Сізге басым еденге жеткенше сәлем салам. Сіз ұлы әйелсіз. Сіз менің жерлесім болғаныңызды мақтан тұтам. Оралдың қыздары тәкаппар. Бірақ мен сәлем салам сізге, сіз ұлы әйелсіз», — деді Меруерт Өтекешоваға құрмет көрсеткен продюсер. 

Қазақтың даңқты әйелімен әңгімелескен Баян Мақсатқызы, оның қазақ өнеріне қосқан еңбегі ерен, қайталанбас рөлдерді сомдағанын айтты. 

Еске салайық, продюсер, әрі кәсіпкердің әйелі Баян Мақсатқызы,  зейнеткер Меруерт Өтекешоваға ай сайын бір миллион теңге жәрдемақы тағайындаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0