«Байың жоқ, осыны құшақтап жат дегің келіп тұр ғой.
Әнші Мақпал Жүнісованың концертіндегі көңілді сәт желіде тарап жатыр. Концерт барысында актер Жанатбек әншіге үлкен ақ аю сыйлаған. Мұндай тосын сыйды көрген Мақпал Жүнісова алғашында таңғалып қалғанымен, артынша әзілімен жұртты күлкіге бөледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Байың жоқ, осыны құшақтап жат дегің келіп тұр ғой. Бұны бергенше тірі еркек алып келмедің бе?», — деп қағытты Мақпал Жүнісова.
Көрермендер әншінің шынайылығы мен әзілқой тапқыр мінезіне тәнті болған.
«Мақпал апайымыздың концертіне қош келдіңіздер. Апайымыздың өзі де, өмірі де, құшағы да гүл. Елдің нағыз еркесі, халықтың қалаулысы», — деді актер Жанатбек Байтеков.
Еске салайық, әнші Мақпал Жүнісова өзінің жеке шығармашылық концертімен облыстарды аралап жүр. Әншінің саханада жүргеніне 40 жыл толған.