14.05.2026, 05:30

«Маған ондай адамдар ұнамайды»: Баян Алагөзова қазақ әйелдері туралы айтты (ВИДЕО)

Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Баян Алагөзова үнемі шағымданып, өзіне аяушылық танытатын әжелерге "ментальная бабушка" деп ат қойған. 

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы кейбір қазақ әйелдерінің әрекетін сынға алды. Ол "Замандас" ютуб каналына берген сұхбатында қоғамдағы әжелердің әрекеттерінен жирікенетінін ашық айтты. Продюсер ондай адамдарға арнайы ат қойып та алған, деп жазады  Sn.kz ақпарат порталы.

Баян Алагөзова үнемі шағымданып, өзіне аяушылық танытатын әжелерге "ментальная бабушка" деп ат қойған. 

«Ах, шаршадым, басым ауырып жатыр, басым. Әй, шай алып келіңдер! Ойбай жүрегім! Ой, жатайыншы, жатайын. Міне осындай адамдарды "ментальная бабушка" дейді. Я не хочу быть ментальной бабушкой. Расында ондай әжелердің еш жері ауырмауы да мүмкін. Олар шындығында сана жағынан қартайған, оларға мына өмір қызық емес», — деді Баян Мақсатқызы. 

Оның сөзінеше, бүгінде шағымданып, өзіне аяушылық танытуды қалайтын апа-әжелер аз емес. 

«Оларға біреудің көңіл аударуы жетіспейді. Немерелерінің "әже, не болды сізге?" деп аяушылық танытқаны керек. Ондай адамдардың көңілі қартайып кеткен. Міне, маған осындай адамдар ұнамайды. Мен ондай болғым келмейді», — деді продюсер. 

Шағымдануды әдетке айналдырған қазақ әйелдерін сынға алған продюсерге  оқырман тарапынан пікірлер көбейді. Бірі "қақшаңдап отырсың, қартайғанда көрерсің" десе, кейбірі "дұрыс айтасың, адамдарға внимание жетіспейді",  "осындай өткір ойларың ұнайды"  деген сарында сан алуан пікірлер жазылды.