Аталған пікір әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі реакция тудырды.
Желіде әнші Тоқтар Серіковтің бұрын берген сұхбаты қайта тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі сұхбат барысында анасына деген ерекше құрметі мен жақындығы туралы айтқан.
"Мен шешемнің аяғынан сүйемін. Өзімнің бала-шағам болса да омырауына қолымды салып жіберіп ұстаймын, сүйемін. Оның несін жасырайын? Менің шешемнің қанша өмірі қалғанын білмеймін, әліден қимастық бар. "Анашым" деген нөмірдің бір күні тұтқасын біреу көтермей қояды. Уақыты келеді. Мен соның алдын алғым келіп құшақтаймын, сүйемін. Ауылдан қайтар кезде бір-бірімізге мөлтиіп қарап жылап тұрамыз. Айтып жеткізе алмайтын дүниелер. Барында бағалау керек. Ағайынды, туған-туысқанды, бауырларды бағалай білейік", – деген еді ол.
Аталған пікір әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі реакция тудырды. Көпшілік әншінің сөзіне қатысты өз ойларын ашық білдірген.
"Омыраусыз махаббатты, сыйластықты көрсетуге болмай ма", "Кейбір адамдардың сұхбат бермей жүре бергені дұрыс", "Дұрыс қабылдай алмай тұрмын", "Омырауы несі? Құдай сақтасын", "Сұмдық қой, не деп отыр", – деп жазды желі қолданушылары.