$ 474.04  555.01  6.45

«Шын көңілден»: Қазақ жігіті Бауыржан Ибрагимовке қымбат көлік мінгізді (ВИДЕО)

"Әзілдерін кішкентай кезімізден тыңдап өстік".

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Атыраулық Алмат есімді азамат танымал сатира актері Бауыржан Ибрагимовке автокөлік тарту етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жігіттің айтуынша, мұндай сыйлық жасауына актердің шығармашылығына деген ерекше құрметі себеп болған.

«Ол – қазақ сатирасының дара тұлғасы. Әзілдерін кішкентай кезімізден тыңдап өстік. Өнерін өте жоғары бағалаймын», – деді Алмат.

Күтпеген сыйлыққа таңғалған Бауыржан Ибрагимов алғашында бұған сенер-сенбесін білмегенін айтты. Сонымен қатар ол алғысын білдіріп, бұл әрекеттің шынайы ниетпен жасалғанын атап өтті.

«Осындай інілеріміз барда қуаныштымын, ағайын. Бұл – таза көңілден туған дүние. Теріс түсінбеңіздер», – деді актер.

Желі қолданушылары құттықтап, әбден лайық екенін жазды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0