"Мен өзімді қорлауға жол бермеймін".
Танымал продюсер Баян Алагөзова өзін әлеуметтік желіде қаралаған атышулы Бағдагүл емші жайл ыпікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол оны өзін қорлағаны үшін сотқа беретінін айтты.
"Әлеуметтік желілер адамдардың аузына ие болдырмай қойды.
Адамдар ойына не келсе, соны жаза береді.Ақтөбеде TikTok-та ақшаға бата беретін бір «емші» тұрады.
Оның адамдарды емдеуге лицензиясы бар ма?
Салық төлей ме?
Бұл — бөлек әңгіме.Бірақ көз жұма қарауға болмайтын нәрселер бар.
Ұзақ уақыт бойы ол тікелей эфирлерде:
мені, Динара Сәтжан мен басқа да адамдарды қорлап келеді;
мен, Динара және басқа адамдар туралы жалған ақпарат таратып жүр;
менің жобаларыма мемлекеттен ақша алады деп мәлімдейді.Бұл — өтірік.
Және бұл — Заңның бірден бірнеше бабын бұзу.Қазір бұл мәселемен менің заңгерлерім айналысып жатыр.
Мен өзімді қорлауға жол бермеймін.
Және өзім туралы жалған ақпарат таратуға да жол бермеймін.Егер біреулер осылайша өзіне трафик жинамақ болса, сот күтіп тұрғанын біліп қойыңыздар.
Ал кейін адвокаттарға кеткен барлық шығын да сіздерден өндіріліп алынады.Осындай бір әйелді мен сотта жеңіп шыққанмын", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары продюсерді қолдап, түрлі пікір қалдырды.
"Бакдагуль ханым кейде шектен шығып кетеді. Дұрыс Баян ханым, алға!", "Ешкім ешкімнің ар-намысын таптап, балағаттауға құқығы жоқ,ұятты сөздер айтқаны дұрыс болмады, әркім өз өмірі не істесе де", "Жабу керек сондай тілі ұзын қатындардың аузын", - деп жазды көпшілік.