Танымал ақтөбелік емші Бағдагүл өзін сотқа берген продюсер Баян Алагөзова мен тележүргізуші Динара Сәтжантуралы пікір білдіріп, көпшіліктен қолдау сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол әлеуметтік желідегі жазбасында қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарды қорғап жүргенін айтып, өзіне бағытталған сындар мен сотқа жүгіну әрекеттеріне жауап берді.
«Қазақ тілі үшін күресіп жүрмін. Қазақша сөйле дегенім үшін маған қарсы шығып жатыр. Ана тіліне құрмет болуы керек. Мені қорқытып, сотқа беріп жатыр. Бірақ шындықты айтудан қорықпаймын», – деді Бағдагүл емші.
Сондай-ақ ол өзіне қысым жасалып жатқанын айтып, алдағы уақытта да өз ұстанымынан таймайтынын жеткізді. Емшінің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.