$ 474.04  555.01  6.45

«Уақыты келді»: Баян Мақсатқызы екі жастағы қыздарына білім беруді бастады (ВИДЕО)

Өнер иесі Instagram-парақшасында қыздарының Монтессори жүйесі бойынша білім алып жүргенін көрсетті.

Фото: @bayanmaxatkyzy
Фото: @bayanmaxatkyzy

Продюсер Баян Мақсатқызы кішкентай қыздарын ерте жастан дамытуға кіріскенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Instagram-парақшасында қыздарының Монтессори жүйесі бойынша білім алып жүргенін көрсетті. Баянның айтуынша, бүлдіршіндеріне қазір бір жас сегіз ай болған.

“Монтессори жүйесі бойынша білім алып жатырмыз! Маған бұл әртүрлі жастағы балаларға арналған білім беру жүйесі қатты ұнайды. Қазір балаларымның жасы бір жас сегіз ай, дәл қазір бақытты әрі өз бетінше өмір сүруге үйренуді бастайтын уақыт”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары продюсердің бала тәрбиесіне ерекше мән беріп жүргенін айтып, пікір қалдырған. Жазба аз уақыт ішінде ондаған мың лайк жинады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0