16.05.2026, 11:30

«Ұқсамасаң тумағыр»: Тұрсынбектің қызы әкесіне пародия жасап күлкіге батырды (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Әкесінің көшірмесі". 

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым Тұрсынбекқызы әкесіне пародия жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әкесінің қылықтарын айнытпай салған ол жұртты күлкіге қарық қылды.

Анасы Мөлдір Мұқан өзінің желідегі парақшасына жүктеді.

Айымның пародиясына таң қалған желі қолданушылар түрлі пікір қалдырды.

"Әкесінің көшірмесі", "Папасынан аумайды", "Ұқсамасаң тумағыр деген болды", "Айым нағыз әртіс", "Мықты пародия", "Жардың! Қылықтары тәтті", "Көз тимесін", "Күлкіден жарылдым", - деп жазды оқырмандар.