$ 470.17  547.47  6.42

«Баянға жаулық»: Тұрсын Алагөзовке қазақтар ат мінгізді (ВИДЕО)

Жағымды жаңалықпен продюсердің құрбысы Динара Сәтжан бөлісті.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке тұлпар тарту етілді. Қазақтар Баян Мақсатқызың иығына орамал жауып, оның күйеуі Тұрсынғали Алагөзовке ат мінгізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Мына ерекше сыйлық өзіңізге, жүз жасаңыз, сізге рахмет, алғысымыз шексіз», - деген тұрғындар Алагөзовтың астына ат мінгізді. Кәсіпкер ерекше сәнделіп, жабу жабылған торы аттың тізгініп тартып тұрып мініп алды. Халықтың атынан тарту етілген жылқы қоныстойының үстінде берілді.   

Жағымды жаңалықпен продюсердің құрбысы Динара Сәтжан бөлісті. Тұрсынғали өз компаниясын дамыту жолында жұмыс істеп жатқан қызметкерлеріне өткен жылы 100 пәтер тарту еткен еді. 

«Мен жақын достарым Баян мен Тұрсынғалиды мақтан етемін!  Тура бір жыл бұрын Тұрсен өз қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін сыйлаған болатын  Сол кезде маған:

«Тура бір жылдан кейін кел, жөндеу жұмыстары аяқталғанда, қоныстой түсіреміз», — деген болатын. Бүгін сол уәделі күн келді. Және айтарым @maxi_team_official компаниясының иесі де, қызметкерлері де жомарт жандар екен. Бүгін олар да Тұрсен мен Баянды сыйлықтың астында қалдырды!  Алыс-беріс деген қазақтың әдемі дәстүрін жақсы көрем. Көңіл - көңілден су ішеді деген осы шығар», - деп жазды Динара Сәтжан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0