$ 470.17  547.47  6.42

«Буратино» болып қалды»: Әнші Балжан Бидаш пластикалық ота жасатты (ВИДЕО)

"Еріккен екен".

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Балжан Бидаш пластикалық ота жасатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі мұрнының формасын өзгертіп, ринопластика жасатқан.

Алайда көпшілік әншінің бұл әрекетін сынап тастады.

"Алланың жаратқанын өзгертуге болмайды", "Бұрынғы мұрның әдемі еді", "Буратина болды да қалды", "Өзіңді қабылдай алмайсың ба", "Еріккен екен", - деп жазды желі қолданушылары.

Балжан Бидаш бұл пікірлерге төмендегідей жауап берген:

"Мені үйретпей-ақ қойыңыздар. Өзіме не жақсы екенін өзім білемін. Сіздер менің бұны неліктен жасағанымды білмейсіздер. Әр адам қалай дұрыс деп тапса, солай өмір сүрсін. Өз жолын өзі таңдасын", - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0