$ 470.17  547.47  6.42

Димаш Құдайберген Ыстанбұлда өтетін Этноспорт фестиваліне қатысады

Фестиваль аясындағы барлық іс-шаралар көпшілік үшін тегін.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Аталмыш іс-шара Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен 21–24 мамыр аралығында Ататүрік атындағы әуежай аумағында өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Фестиваль бағдарламасы дәстүрлі спорт түрлері мен ұлттық ойындарды, қолөнер көрмелерін, гастрономиялық аймақтарды, театрландырылған қойылымдар мен шығармашылық кештерді қамтиды.

2025 жылы фестивальге бір миллион адам қатысқан болса, ұйымдастырушылар биыл келушілер санын 1,5 миллионға жеткізуді мақсат етіп отыр.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 23 мамырда Türk Telekom басты сахнасында концерттік бағдарламасымен өнер көрсетеді. Концерттің басталу уақыты — жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0