$ 470.17  547.47  6.42

«Бір сағаттық операцияға кірген»: Айдарбекованың келіні әпкесінің неден қайтқанын айтты

Индира марқұммен түскен видеосын бөлісіп, оның қазасы жүрегіне ауыр тигенін жасырмады. 

Фото: @saule_bazarkhan парақшасынан
Фото: @saule_bazarkhan парақшасынан

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні Индира кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның қазасына қатысты жазба жариялап, оның отадан кейін есін жимай қалғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Индира марқұммен түскен видеосын бөлісіп, оның қазасы жүрегіне ауыр тигенін жасырмады. 

«Осылай апкеммен ойнап жүруші едім, естіп жүрегім қатты ауырды. 1 сағаттық операцияға кіріп, наркоздан тұрмай қалған. Жақындарыңызды әрдайым қадірлеп, жақсы сөз айтып көзі тірісінде бағалайық», – деп жазды ол. 

Сондай-ақ Айдарбекованың келіні Сәуле Базарханды ақжарқын, мейірімді жан ретінде еске алды. 

«Жүрегі кең, әрдайым күліп жүретін сұлу апкем. Жатқан жеріңіз жайлы болсын», – деді Индира.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2