$ 470.17  547.47  6.42

«Біз қазір араласпаймыз»: Әли Оқапов отбасындағы қиындықтарды айтты (ВИДЕО)

Ол әйелімен ажырасып, мүлде араласпай кеткен.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Әли Оқапов "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында өміріндегі ауыр кезеңдердің бірін есіне алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол әйелімен ажырасып, мүлде араласпай кеткен.

"Ғашық болғанымды ұрысып қалған кезімде түсіндім. Мүлдем араласпай кеттік. Қазірдің өзінде балам мен әйелім Атырауда. Олар кеткенде менің өмірімнің бояуы кетіп қалғандай болды. Дым қызықсыз. Үйде тып-тыныш. Тура солай сол кезде де болған. Екеуміз араласпай кеткен кезде менің өмірім сондай болып кетті. Соны байқаған анам "Бәрі дұрыс па сендерде?" деп сұрады. Мен ашығын айттым. Жоқ, біз қазір араласпаймыз, ажырап кеттік дедім. "Жарайды балам өзің білесің. Бірақ пікір ретінде айтайын. Ерке маған ұнайды. Ол сенің теңін сияқты" деді. Содан гүлімді алып Еркеге бардым, кешірім сұрадым. Далада жаңбыр жауып тұрды. Татуластық, құшақтастық. Содан қайтадан өмірім түрлі-түсті бояуға енді", - деді өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0