$ 467.58  543.66  6.44

«Ауыр айттыңыз»: Қайрат Нұртас біртүрлі жазба жариялады (ВИДЕО)

Өнер иесінің образы мен жазбасы оқырмандары арасында қызу талқыланып, көпшілік жылы пікір білдірген.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында белсенділік танытып, қысқа-нұсқа жазба жариялап жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің образы мен жазбасы оқырмандары арасында қызу талқыланып, көпшілік жылы пікір білдірген.

“Не трогай меня” деп суретін жариялаған ол, "Үйдегі баспалдақ", деп видео бөлісті. 

Желі қолданушылары әншінің харизмасы мен стиліне тәнті болғандарын жасырмады. Пікір жазғандардың бірі: “Фотоның өзінде харизмасы көрінеді, иә?” деп жазса, тағы бірі “Қалай отырсаң да жарасады ғой” деп пікір қалдырған.

Сондай-ақ оқырмандардың арасында “Легенда”, “Жаным аға”, “Мақұл, көке”, “Айтқаның болсын, Қайреке”, "Ауыр айттыңыз" деген секілді қолдау сөздер де көп болған. Кейбір желі қолданушылары әншінің барлық пікірге лайк басып шыққанын да ерекше атап өткен.

Жазба аз уақыт ішінде 16 мыңнан астам лайк жинап, жүздеген пікірге ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0