19.05.2026, 10:20

«Аяқ асты тынысы тарылған»: Қыдырәлі Болманов шұғыл ауруханаға түсті (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Бұрын олай ауырғанын көрмеп-ем, қорқып кеттім.

Танымал әнші Қарақат Әбілдина жары Қыдырәлінің ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айтуынша аяқ асты өзін жайсыз сезінген.

"Кім ойлаған бұлай боларын? Не болды деп алаңдап, хабарласып жатқан тілеулестерім, рақмет! Білесіздер, 20 мамыр күні яғни бір күннен кейін Астанада концертіміз. Соның шаруаларымен шақыру бар, басқа да сұрақтармен кеше үйде отырғанбыз. АЯҚ АСТЫ Қыдыркен өзін жайсыз сезініп, тынысы тарылғандай болып, қатты мазасы қашты. Бұрын олай ауырғанын көрмеп-ем, қорқып кеттім. Дәрігерге жедел келдік. Мамандардың көмегімен шүкір бүгін жағдайы тұрақталып, беті бері қарады. Алайда, Қыдырға кем дегенде әлі 15 күн ем қабылдау керектігін, сахнаға шығуға болмайтынын түсіндірді… Тура осы тұста, “мәссаған”, “концерт ше”- деп, не ойлап не қоярымды білмей отырған күйі әлі отырмын!…  Құрметті ән сүйер қауым! Сәуірден басталған ән сапар бізге оңай болған жоқ! 12 000 км жол жүріппіз. Халықтың ыстық қошеметі мен ықыласы өзі көтеріп алып отырғанға тарта беріппіз. Енді бастаған істің нүктесін қояйын десек, "Соңғы түйенің жүгі ауыр" болып қырсығып қалғаны. Қыдекеме көз тиді ме, сөз тиді ме? Әйтеуір айналдырып кетті... Қайыры. Сол себепті 18 мамырға жоспарланған концертімізді 18 маусымға ауыстыру жөнінде шұғыл шешім қабылдап отырмыз. Түсіністік танытасыздар деген сенімдеміз", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары алаңдаушылық танытып, әншінің тезірек жазылуын тіледі.

"Шипасын берсін!, "Тез сауығып кетіңіз!", "Алла шипасын берсін", "Құлан таза айығып кетіңіз", - деп жазды оқырмандар.