$ 471.77  547.25  6.6

«Абыройыңызды төкпеңізші»: Роза Рымбаеваның жаңа образы көпке ұнамай қалды (ФОТО)

Кей желі қолданушылары образды батыл әрі ерекше деп бағаласа, енді бірі Роза Рымбаеваны танымай қалғандарын жазған.

Фото: abzalseidin парақшасынан
Фото: abzalseidin парақшасынан

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жаңа фотосессиясымен елді таңғалдырды. Әнші дизайнер Абзал Сейдиннің образында Harper’s Bazaar түсіріліміне қатысқан. Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дизайнер Instagram-парақшасында әншіге деген құрметін білдіріп, әсерлі жазба қалдырған.

«Қазақ сахнасының аңыз тұлғасы біздің Harper’s Bazaar түсіріліміне арналған визуалды тарихымыздың бір бөлігіне айналды. Мен үшін бұл — үлкен мәртебе әрі аса қымбат сәт», – деп жазды ол.

Алайда әншінің өзгеше стилі көпшіліктің қызу талқысына түсті. Кей желі қолданушылары образды батыл әрі ерекше деп бағаласа, енді бірі Роза Рымбаеваны танымай қалғандарын жазған.

Пікірлердің бірінде: «Роза ханым мұндай емес, ИИ болу керек. Қасықтап жинаған абыройыңызды төкпеңізші», – делінген.

Тағы бір оқырман: «Қандай қорқынышты», – деп қысқа қайырған.

«Әп-әдемі әйелді неге жаман образға айналдырып жібердіңіз? Роза апа өте сұлу ғой, мынау ведьма сияқты», – деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

Сондай-ақ пікір қалдырушылардың арасында: «Түнде алдыңнан шыға келсе, жүрек жарылады», «Борис Моисеевке ұқсап қалған», «Ойбай, бұған не болды?» деген сыни пікірлер де болды.

Дегенмен жаңа образға тәнті болғандар да табылды. Олардың қатарында: «Сөз жоқ», «Versace» деген пікірлер жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0