$ 471.77  547.25  6.6

«Эстрадада түрге ғана мән беріп кетті»: Танымал әнші жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Қазір оркестрмен өнер көрсету деген дүниелер болып жатқанына қуанамын.

Әнші, композитор Ұшқын Жамалбек бүгінгі қазақ эстрадасына не жетіспейтінін айтты. Ол шоу-бизнестегі шығармашылық процесс туралы өз ойымен Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Сахнаға шығып жүрген өнер адамының кез келгені студиялық отырыстар, пианино ойнап, аккорд ұстап, домбырамен өлең айта білу керек. Мысалы, сен өлең айтып жатсаң, мен екінші дауыс шығарып шығармашылық процесс болып, өз дауысын зерттеу керек. Бір сөзбен айтқанда әншіде музыкалық деңгей болу керек. Бізде бәрі түнге мән беріп кетті. Шетелден бір әнді әкеледі. Тойда хит болса, сонымен ақша тапса болды. Қалта толған сайын түрін жасап, халыққа шыға береді. Әрине, халыққа не берсе соны жейді. Хит әніңмен тойға шақырады. Бірақ оның артында қандай дүние бар деген араласу жоқ», — дейді ол.

Сондай-ақ, өнер иесі әншіде музыкалық білім болуы керегін де айтты.

«Қазір оркестрмен өнер көрсету деген дүниелер болып жатқанына қуанамын. Кейінгі ұрпақта әншісің ба, оқығансың ба, білімің бар ма, аспапта ойнай аласың ба, ән жаза аласың ба, аккордты білесің ба, сахналық болмысың бар ма деген адамдар ғана сахнада қалса екен деп армандаймын. Қалған дүниенің бәрі қоқыс. Қазір жастар жақсы. Жастармен көп араласып жүрмін, әңгімелерін тыңдап отырып қуанып кетемін», — дейді Ұшқын Жамалбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0