04.06.2026, 03:30

«Бұл енді толық менікі!»: Баян Алагөзова «Қыз Жібек» камзолының дәлме-дәл көшірмесін тіктірді (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

Ол бұл істі дизайнер Аида Кауменоваға тапсырған. 

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы "Қыз Жібектің" камзолының көшірмесін дәлме дәл жасатқанын айтты, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөліскен. 

Ол бұл істі дизайнер Аида Кауменоваға тапсырған. 

"Достар, менің камзолып қайтып келді. Енді бұл толықтай менікі. Дәлме-дәл көшірмесі. Өте үлкен еңбек. Қыз Жібектің толық образын тіктіріп жатырмын. Заманауи киімдермен де үйлеседі. Гүлфайруз апай қалай 100 жыл алдыға ойланған. Біз Аида Кауменова екеуміз осы костюмді шығаруды қолға алып жатырмыз. Ұзатылатын қыздар, келіңіздер. Қазақ аруына 20 данасын шығарамыз. Қыз Жібектен несі кем?", - деді ол.