"Оны анасы ғана тәрбиеледі".
Танымал журналист Айнұр Ілиясова "Мамский әңгіме" подкастына қонақ болып келген Жанель Серғазинаны қаралағандарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Біреулер актрисаның өзі туралы жазса, енді бірі оны шақырған Айнұр ханымды жерден алып жерге салуда.
"Жанельмен эфирден кейін біртүрлі болып отырмын. Себебі Жанель таза оймен, жүрекпен, ақ тілекпен, ізгі ниетпен ойланып жасалған нәрсе әр уақытта дегеніне жетеді. Неге бұны айтып отырмын? Себебі Жанель әкесіз өсті. Оны анасы ғана тәрбиеледі. Өмір бойы жатақханада тұрды, ешкімкөмектескен жоқ. Өзіне ғана және Құдайға ғана сенді. Тілегеніне жетіп отыр. Қарап тұрсаң қарапайым ғана қыз таза ниеті арқылы өзінің арманына жетіп отыр", - деді ол.