$ 489.31  568.33  6.63

«Ең үлкен арманым еді»: Жасұлан Базарбаев қызы үшін жылап қалды (ВИДЕО)

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Актер әрі әнші Жасұлан Базарбаев ерекше қызының жасанды интеллект көмегімен сөйлеген сәтін көріп, эфир барысында көз жасына ерік бергенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

«Осы біреулер эфирде жыласа, жыным келетін. Сөйтсем, адамның жанды жерінен дәл тигенде көзден еріксіз жас сорғалайды екен ғой…
Қызым дүниеге келгелі бері осындай сөзді есту менің ең үлкен арманым еді. Бүгін қызымды жасанды интеллект арқылы сөйлеткен сәтте өзімді ұстай алмадым…
Көңілді басталған сұхбат аяқ астынан осындай сезімге ұласып, эфир барысында ұзақ үзіліс жасауға мәжбүр болдым.
Қызымның аузынан шыққан әр сөзді жүрегіммен тыңдап отырдым. Мүмкін біреуге бұл жай ғана технология болып көрінер, ал мен үшін бұл – көптен күткен арманның бір сәтке болса да орындалғанындай әсер болды.
Сол себепті эфирдегі толқынысымды түсіністікпен қабылдайсыздар деп сенемін.
Көрермендерден және «Хабар» телеарнасынан эфир барысында ұзақ үзіліс жасап қойғаным үшін шын жүректен кешірім сұраймын», – деп жазды Жасұлан Базарбаев.

Желі қолданушылары актердің жазбасына жылы пікір қалдырып, ерекше баланы тәрбиелеп отырған әкеге қолдау білдірді. Көпшілік оның көңіл күйін түсінетінін айтып, қызының денсаулығы мен бақыты үшін тілектерін жолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0