$ 487.44  567.38  6.62

«Бірнеше рет кездесуге шыққанбыз»: Танымал блогер Димаш Құдайбергенмен қарым-қатынасы жайлы айтты (ВИДЕО)

Біз кішкентай кезімізден таныспыз.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Белгілі блогер Сабина Мовлаева тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенмен арадағы қарым-қатынасы туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогердің айтуынша, ол Димашты бала кезінен таниды. Екеуі Ақтөбедегі филармонияға бірге барып жүрген. Сабина кейінірек өзара жақын араласқан кезеңдері болғанын жасырмады.

«Димашты өте жақсы танимын. Біз кішкентай кезімізден таныспыз, бір ортада өстік. Кейін бірнеше рет кездесуге де шыққанбыз. Бірақ бұл оның танымал болуына дейін болған жағдай. Қазір оған хабарлассам, жұрттың бәрі оны басқа қырынан қабылдап, түрлі әңгіме шығарып жіберуі мүмкін», – деді блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0