$ 487.44  567.38  6.62

«Түзу жүріңдер»: Ақжол Мейірбековтің қызы әкесінің соңғы аманатын жеткізді (ВИДЕО)

Сахнаға шығып, әнін айтып жүрді.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Еуразия арнасындағы «Көреміз» ток-шоуында қонақ болған марқұм әнші Ақжол Мейірбековтің қызы Сұлтан Ақжолқызы әкесінің өмірінің соңғы кезеңі мен соңғы өсиеті туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, әнші дертінен айығатынына сенген және отандық дәрігерлердің ем-домына үлкен үміт артқан.

«Әкем жағдайының соншалықты ауыр екенін қабылдағысы келмеді. Біз халықтан қаражат жинап, шетелде емдету мүмкіндігін қарастырдық. Бірақ ол бұған үзілді-кесілді қарсы болды. "Елден ақша сұрауға ұяламын, оған бармаймын" дейтін. Дәрігерлер де емдеу хаттамалары халықаралық стандарттарға сәйкес екенін айтып, сендірді», – деді қызы.

Сұлтан Ақжолқызының айтуынша, әкесі ұзақ уақыт бойы ем қабылдап, 18 рет химиотерапия курсынан өткен. Соған қарамастан өнерден қол үзбей, көрерменінің алдында бұрынғыдай ән айтып, көтеріңкі көңіл күйін сақтауға тырысқан.

«Қатты ауырса да, сыр білдірмеуге тырысатын. Сахнаға шығып, әнін айтып жүрді. Бізге айтқан соңғы аманаты – "жақсы жүріңдер, тура жолдан таймаңдар" деген сөз болды», – деп еске алды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0