Алайда бұл жолы желі қолданушыларының назары сынға емес, әзілге ауды.
Танымал актриса әрі блогер Әсел Асқар әлеуметтік желіде тағы да қызу талқының ортасына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алайда бұл жолы желі қолданушыларының назары сынға емес, әзілге ауды. Актрисаның кезекті көңілді видеосы қысқа уақыт ішінде көпшіліктің ықыласына бөленіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Бейнежазбада Әсел өзіне тән ашық мінезі мен юморын көрсетіп, жұрт арасында айтылып қалуы мүмкін әңгімеге өзі бірінші болып әзілмен жауап береді.
«Әсел Асқар Очауға қырыңдап жүр екен деп ел айтпай тұрып, өзім айтып қояйын», – деген актрисаның сөзі желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.
Желіде тараған видео астына оқырмандар әзілге толы пікірлер қалдырып, Әселдің өзін-өзі әжуалай білетін қасиетін жоғары бағалаған. Көпшілік оның жеңіл әзілі мен шынайылығын ерекше атап өтті.