$ 490.21  566.93  6.81

«Сәл ұялсаңдаршы»: Ләйлә Сұлтанқызы ақшасын қайтармай жүргендерді атады

Кейбір оқырмандар мұндай жағдайға өздерінің де тап болғанын айтып, пікір қалдырған.

Фото: sultankyzy/instagram
Фото: sultankyzy/instagram

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде қарыз алып, ұзақ уақыт бойы қайтармай жүрген адамдар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол өз жазбасында қарызды уақытында қайтармау мәдениетінің қалыптасып бара жатқанына алаңдаушылық білдірген.

«Осы деймін да, неге қарызға ақша алғандар завтраками кормят? 1 ай кешіктірсе түсінем, бірақ 1 жыл, 2 жыл, 5 жылдап бермей жүргендер оқып отырсаңдар, сәл ұялсаңдаршы… Уже өз ақшаңды сұрауға ыңғайсызданады екенсің. Әлде аттарын атап тұрып, жазайын ба? Көбін танисыздар», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары жүргізушінің пікірін қолдап, қарызды уақытында қайтару мәселесі қоғамда жиі кездесетінін атап өтті. Кейбір оқырмандар мұндай жағдайға өздерінің де тап болғанын айтып, пікір қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0