$ 490.21  566.93  6.81

«10 қасық тамаққа тояды: Айнұр Тұрсынбаева тамақсау адамдарды сынға алды

Ақын қандай жағдай болмасын тек жақсылық ойлап, болашаққа үмітпен қарау керектігін айтты. 

Фото: @aidyn_nury
Фото: @aidyn_nury

Белгілі ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева Түркияның Стамбул қаласынан сәлем жолдап, елге ақыл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кәсіпкер көп тамақ жемеуге кеңес берді. Оның сөзінше, әрбір жан өзін қадірлеп, энергиясын көтеріп жүру керек.  

«Өздеріңізді қадірлеңіздер… Көздеріңізді жамандықты көруден, құлақтарыңызды жамандықты естуден сақтаңыздар…», - деп жазды ол. 

Ақын қандай жағдай болмасын тек жақсылық ойлап, болашаққа үмітпен қарау керектігін айтты. 

«Энергияңызды төмендетпеңіз… Адам 10 қасық тамаққа толық тояды, қатты тойып тамақ ішпеңіздер… Барлық қиындық уақытша, өтеді де кетеді… Болашағыңыз туралы жақсы ойлаңыз… Қандай үйде тұрып жатқаныңызды елестетіңіз… Өзіңіз туралы ешқашан жаман ойламаңыз…
Сонда айналаңыздың да сізге деген көзқарасы өзгеріп кетеді», - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0