$ 488.59  564.37  6.79

«Ислам діні ойыншық емес»: Режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы жұбайы қайтадан хиджаб киді

Аталған жазбада оның тағы да орамалға келгенін көруге болады.

Фото: Instagram/nazira_rabiya_ashir
Фото: Instagram/nazira_rabiya_ashir

Танымал режиссер, Ақан Сатаевтың бұрынғы жары Назира Сатаеваның қайтадан хиджабқа келген суреті тарады. Бұл туралы режиссердің бұрынғы әйелі өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Ізденіс үстіндегі, ой-толғау жасайтын, рухани жолда жүрген, жан дүниесін тазартып, жүрегінің жылуын өзгелермен бөлісетін жандарды 13-14 маусым күндері @meditation.center.almaty орталығында өтетін «Ханакадағы түн» шарасына шақырамыз.

Бағдарлама аясында сіздерді денемен, энергиямен, дыбыспен және санадан тыс деңгеймен жұмыс істеуге бағытталған рухани сопылық тәжірибелер күтеді. Сондай-ақ мазмұнды әрі танымдық фильм көрсетілімі және түнгі зікірлік айналу тәжірибесі ұйымдастырылады», — деп жазған ол. 

Аталған жазбада оның тағы да орамалға келгенін көруге болады. Желі қолданушылары исламның ойыншық емес екенін, оған бір келіп, қайтадан шығуға болмайтынын жарыса жазып жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақан Сатаевтың бұрынғы жары бірнеше жыл қатарынан хиджаб киген еді. Ол кезде Назира Сатаева режиссермен бірге тұратын еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0