Бұл туралы өнер иесі желідегі парақшасында бөлісті.
Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжановтың жүрегіне ота жасалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы өнер иесі желідегі парақшасында бөлісті.
Отадан кейінгі ойларын жариялады.
"ОТАДАН КЕЙІНГІ ОЙ-ТОЛҒАМ…Бұл өмір-сынақ… Біреулер сол сынақты жылап көтерсе,екіншілер шыдап көтереді… Тағдыр жолым тақтайдай тегіс емес екенін жалпақ жұртқа жария етпесем де көп жайтты елдің іші сезеді… Көкірегіне күйік толған-кейде жанған,кейде тоңған адаммын… Шыдамдылығымды шыңдайын дегендей Жаратқан Ием ширатқалы шиыршық атып өмір сүріп келем… Уақыттың жазбайтын жарасы жоқ, бірақ көңілде өткен күннен қалған сыз жоқ емес,ол ізсіз кетпейді екен… Жұдырықтай жүрекке салмақ түсіріп алғандардың алды да,арты да мен емес шығармын… Атақ-абыройға бас ұрған адам емеспін,сезімнен күшті сабыр мен айғайдан мықты үнсіздікті серік еткен құдайдың құлымын… Жалғыздың жары Құдай,-деген сөз рас екен… Сыналған сәтте сыйынғаным бір Алла болды… Сенгенім,сүйенгенім қалың елім-қазағым… Қашанда ағайын-жұртым сіздерге арқа сүйедім… Жаратқанның жарылқағаны болар,өзім қастерлеген қазағым әрқашан қадірімді арттырып, қасиетімді көтеріп келеді… Қалың көптің бата,тілегіне қарыздармын… Отаның оңайы жоқ,жүрегіме операция жасап,киелі сахнаңызға барып сағыныш мауқыңызды басыңыз Аға,-деп маған екінші өмір сыйлаған Ермағанбет Қуатбаев, Артур Абдимомынов, Азамат Наурушев сынды медицинаның сайыпқырандарына адал жүрегіммен ақ басымды иіп тұрып,алғыс-рахметімді айтамын… Алматымен бірге жасап келе жатқан Кардио Орталық жаңғыра берсін,жандана берсін, Ермағанбет Жарығым…", - деп жазды ол.