$ 487.17  565.65  6.72

«Ажырасқан сияқты»: Блогер Айым Сейітметова жазбасымен көпшілікті алаңдатып қойды

Фото: instagram.com/aiysmn
Фото: instagram.com/aiysmn

Танымал актриса әрі блогер Айым Сейітметова отбасына қатысты бірқатар жазба жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогер кейінгі күндері Instagram парақшасында сырға толы жазба қалдырып жүр. 

“Қазір маған еңсе түсіруге болмайды. Өйткені жұмысқа қатысты өз міндеттерім бар, асырайтын балам бар, мені мұндай күйде көріп қиналатын ата-анам бар”, – деп жазды ол.

Ол өмірінде болып жатқан жағдайдың мән-жайын кейінірек бөлісетінін айтты.

“Барлығын кейін бөлісемін. Сіздерді бейхабар қалдыруды дұрыс санамаймын, өйткені сіздер көп сәттің куәсі болдыңыздар. Қолдауларыңызға рақмет”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол кейде өзін мүлде күші қалмағандай сезінетінін, бәрін тастап, жоғалып кеткісі келетінін де жазды. 

“Бірақ әйелдердің бойында ерекше күш бар. Ең ауыр күндерден кейін де біз қайта тұрып, алға қарай жүре береміз”, – деп жазды ол.

Өнер иесінің мұндай жазбаларын қазақстандық желі қолданушылары бірден байқады. Олар Threads желісінде түрлі болжам жасап, жарыса пікір қалдырып жатыр.

“Айымға не болды екен, маған оның күйеуі ұнаған емес”, “Талғат Айымға опасыздық жасап, әдемі жұп ажырасып жатыр деген өсекке сене алмаймын”, “Ажырасып кетті ме?” – деп жазған.

Ал кейбір қолданушылары мұны кезекті хайп деп қабылдады.

“Камераға жылап, түрлі жазба қалдырып, өтірік көрініс ұйымдастырып отыр. Жақында сатылымға зат шығаратын шығар”, “Мен оның парақшасына жазылмағанмын, бірақ бүгін арнайы кіріп қарадым. Бұл жарнама, хайп үшін емес деп жазыпты. Бірақ ол бірінші қайғылы жазба жазады да, артынан жарнама салады. Сонда бұл не?”, “Бұл хайп емес дейді де, артынша жаңа тушь шығып жатқанын айтады. нағыз цирк”, – деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0