$ 487.17  565.65  6.72

«Әкемнің ең ерке қызы едім...»: Жазира Байырбекова ерекше оқиғасымен бөлісіп, көпті жылатты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасылық өміріндегі ерекше сәтімен бөлісіп, көпшілікті қалың ойға қалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Әкемнің ең ерке қызы едім...

Біз бала кезде әкемізді күндіз емес, көбіне кешке ғана көретінбіз. Таңнан кешке дейін еңбек етіп жүрсе де, үйге шаршап келдім деп бір рет те бізден теріс айналмайтын. Келген бойда бізді бауырына басып, ойнатып, еркелетіп, көңілімізді көтеретін.

7 қыз, 2 ұлды өсіріп жеткізген әкемнің жүрегі қандай кең болған десеңізші... Біздің сабағымызға үй тапсырмасына көмектесіп,бір жексенбі күні анамызды қалаға қыдыртып,бір жексенбі бәрімізді табиғатқа апаратын.

Қазір ойласам, бұл үлкен тәрбиенің, үлкен махаббаттың белгісі екен.

Әке, Сіздей әкенің қызы болғаным үшін Аллаға сансыз шүкір», деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0