Сондай-ақ Ырысбала өзін «ұсқынсыз» деп жазған желі қолданушысының пікірін де сторисінде жариялап, оған әзілмен жауап қатты.
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сырт келбетіне бола сынайтын оқырмандарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Блогер өзіне қатысты айтылған сынға мән бермейтінін ашып жазған.
«Іші іріңдер мен туралы не ойлайсыңдар, айтасыңдар, жазасыңдар. Құдай ақы, маған по*уй. Бір реті келгенде жаза салайын дедім. Өшіріп әуре болғым келмейді», – деп жазды ол.
Сондай-ақ Ырысбала өзін «ұсқынсыз» деп жазған желі қолданушысының пікірін де сторисінде жариялап, оған әзілмен жауап қатты.
Пікір иесі:
«Ища, мына жексұрынмен қалай қатар тұр», – деп жазған.
Ал блогер бұл сөзге:
«Мен сияқты жексұрын болу – біразға арман. Қатар тұру – орындалмас арман», – деп мысқылмен жауап берді.
Желі қолданушыларының бір бөлігі блогердің жауабын қолдаса, енді бірі танымал адамдарға қатысты жеке басқа тіл тигізетін пікірлердің көбейіп кеткенін айтып жатыр