$ 489.39  567.5  6.69

«Әйелі бар екенін білмедім»: Жұлдыз Өмірғали Айқынмен қалай қосылғанын айтты (ВИДЕО)

"Халықтан өте көп хейт келді". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Жұлдыз Өмірғали жары Айқынмен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"2015 жылы қазан айында таныстық. Сыртынан көрген кезде өте тәкаппар сияқты болып көрінді. Амандасқанда басын изеп өтті. Ол керісінше біз туралы солай ойлаған екен. Біз бір дастархан басында отырып қалдық тамақ ішу үшін. Менің қарным қатты ашып тамақ жеп отырғанмын. Қонақ үйге келіп жатсам маған "Сәлем, қалайсың? Әдемі болып кетіпсің" деп жазыпты. "Рақмет, бәрі жақсы, сіз қалайсыз?" деп жаздым. Ол кезде мен оның не жасын, не отбасылық жағдайын білмеймін. Әйелі бар адам жазады деген ой да болған жоқ. 10 жыл бұрын еговтан тексеру деген болған жоқ. Басында дос болып араластық. Солай кездестік Алматыда. Желтоқсан айынан бастап жүріп бастадық. Халықтан өте көп хейт келді. Айқын "Сені жақсы көремін, сенің жанында боламын, маған сен" деді. Солай 10 жыл өтіп кетті", - деді ол.

Желі қолданушылары Жұлдыздың бұл жауабына ашуланып, түрлі пікір білдірді.

"Ұялмай қалай әйелі барын білмедім дейді?", "Айқынның өзі екен ғой бәрін бүлдірген", "Ұятсыз", "Мыңғырлап не деп отыр?", - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0