$ 489.39  567.5  6.69

«Құдалармен таныстық»: Мирас пен Құралай сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Желі қолданушылары әншілерді құттықтап, екі жасқа бақыт тіледі.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал жұлдызды жұп Мирас пен Құралай сүйінші жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың үлкен қыздары тұрмыс құрып, ұзатылғалы жатыр.

"Кеше ғана кішкентай болып еркелеп жүрген қызымыздың бойжетіп, осындай үлкен өмірге қадам басқалы тұрғанын да байқамай қалыппыз. 

Жақында екі жақ бас қосып, тәтті шайымыз өтіп, құдалармен танысып, ақ тілектер айтылып, қуанышты сәттерге куә болдық. Аллаға шүкір, бәрі өз ретімен жалғасып, қызымыздың тойы да жақындап келеді.

Алла екі жасқа бақытты ғұмыр, баянды махаббат, берекелі шаңырақ нәсіп етсін. Ақ тілектеріңіз қабыл болып, қуанышымызға ортақ болыңыздар", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншілерді құттықтап, екі жасқа бақыт тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 23
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0