Өнер иесі демалыс күнін көтеріңкі көңіл-күймен өткізгенін айтып, жақындарының амандығына тілектестік білдірді.
Қазақстандық актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында Өскеменде өткен демалысы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі демалыс күнін көтеріңкі көңіл-күймен өткізгенін айтып, жақындарының амандығына тілектестік білдірді.
«Бүгінгі демалыс осылай болды, шүкір. Бәрімізге керек адам! Жақындарымыз аман болсын. Жанымдағы жан аман болсын. Команда аман болсын», – деп жазды актриса.
Сондай-ақ ол іс-шараны ұйымдастырған өскемендіктерге алғысын жеткізді.
Желі қолданушылары актрисаның жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, оған шығармашылық табыс пен отбасының амандығын тіледі.