$ 489.39  567.5  6.69

«Енесінің келінімен шаруасы жоқ»: Немересін перзентханадан шығарып алған Майғазиевтер отбасы көптің сынына қалды (ВИДЕО)

Келінді құрметтеп, қолына демеу болып кіргізбедіңіздер ме?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал әнші Сәкен Майғазиев немерелі болып, алғаш рет ата атанды. Өнер иесі күні кеше перзентханадан шыққан келіні мен немересін салтанатты түрде қарсы алып, қуанышты сәттен әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Баршамызды жоқтан бар еткен бір Аллаға шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке сансыз салауаттар болсын! Күллі қазақ халқына Алланың амандығы, берекесі, тыныштығы, жақсылығы болсын! Сіздерге де жұғысты болсын. Бәріңізді құшақтадым!», – деп жазды әнші.

Алайда әлеуметтік желі қолданушыларының назары сәбиден гөрі келіннің қарсы алыну рәсіміне ауды. Көпшілік келінге жеткілікті көңіл бөлінбегенін айтып, дәстүрге қатысты пікірлерін білдірді.

«Адия өзімен өзі жүр. Келінді құрметтеп, қолына демеу болып кіргізбедіңіздер ме?», «Қайын ата алдымен келіннің маңдайынан сүйіп, енесі қолтығынан демеп, дүниеге сәби әкелген ананы бірінші болып үйге кіргізуі керек еді», «Жас сәби алғаш үйге келгенде неге шашу шашылмады? Қазақтың салты қайда?» деген мазмұндағы пікірлер желіде жиі жазылды.

Осылайша, қуанышты оқиға жұртшылық арасында қызу талқыланып, көпшілік қазақы дәстүр мен келінге көрсетілетін құрмет жайында өз ойларын ортаға салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0