Сондай-ақ Айнұр Тұрсынбаева немересіне ақ тілегін арнаған көпшілікке де алғысын жеткізді.
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде немересі Әлемді 3 жасқа толуымен құттықтап, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ақынның айтуынша, кішкентай Әлемнің видеосы әлемнің түкпір-түкпіріне тарап, ата-анасына шетелдерді аралауға мүмкіндік сыйлаған. Бұл бұған дейін Лувр музейінде түсірілген видеодан кейін кеңінен талқыланған еді.
«Бүгін Әлем дүниеге келген күн. 3 жасында видеосы жарты әлемге тарап, әке-шешесіне тегін әлем аралатып жүр. Немереме Алладан ұзақ ғұмыр, басына бақ пен құт сұраймын! Ұрпағымыз аман болсын!».
Сондай-ақ Айнұр Тұрсынбаева немересіне ақ тілегін арнаған көпшілікке де алғысын жеткізді.
«Әлемге арналған ақ тілектеріңізге Алла разы болсын!».
Айта кетейік, Айнұр Тұрсынбаеваның немересі Әлемнің Лувр музейінде түсірілген видеосы әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинап, әлемдік пабликтерде кеңінен таралған болатын. Осыдан кейін отбасы түрлі елдерден шақырту алып, шетелге сапарлаған еді.