19.06.2026, 17:20

«Жақындарымызбен ақылдаса келе...»: Сәкен Майғазиев немересіне азан шақырып ат қойды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Белсенділік танытып, тілектес болғандарыңызға мың алғыс! 

Жақында белгілі әнші Сәкен Майғазиев немерелі болған еді. Күні кеше жақындары жаңа туған сәбиді перзентханадан шығарып алды. Енді бүгін сәбиге азан шақырып атын қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Белсенділік танытып, тілектес болғандарыңызға мың алғыс! Жақындарымызбен ақылдаса келе, қасиетті жұма күні, өзі де, өмірі де әдемі болсын деп, АЛЛА тағала әдемі қарттыққа жеткізсін деген ниетпен немереміздің есімін Әдемі деп қойдық. Әдемі Әділетқызы, АЛЛА тағала маңдайыңа әдемі тағдыр жазсын. Әумин!», деді Майғазиев.