$ 487.73  558.99  6.63

«Золушканың өмірін сүрдім»: Жұлдыз Өмірғали «Кешьюға» қалай қабылданғанын айтты (ВИДЕО)

"Ертегідей өмір болды". 

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал әнші Жұлдыз Өмірғали "Кешью" тобына қалай қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айтуынша барлығы күтпеген жерден болған.

"Бағым Мақсатқызы отырды. "Ән айтшы" деді. Мен Жанар Дұғалованың әндерін орындадым. "Жарайды, рақмет" деді."Түріңді көрсет, құлағыңды көрсет", татуировкалар бар ма?" деп сұрады. "Қайда оқисың, музыкалық білімің бар ма?", - деп сұрады. "Жоқ" дедім. "Болды, мен сені шақырамын. Сен жаңа топқа сай келмейсің. Сен "Кешьюға" келесің", деп мені резеврке қосады. Содан резервтен хабар жоқ 1 ай бойы. "Жарайды енді, менің білімім жоқ екені көрініп тұрған шығар. Менен де талантты біреуді тапқан шығар" дедім. "2 күндік демалыста ауылға барып келейін" деп жиналып жатсам "шұғыл офиске кел" деді. Сол күні мені Алматыға алып кетті. "Алматы моя первая любови деген концерттің және тойдың дайындығына барасың", - деді. Бірден Мәскеуге ұшасыңдар деді. Ертегідей өмір болды. Золушканың өмірі менің өмірім шығар. Солай негізгі құрамда Айдана Меденова және Кәмшат Жолдыбаевамен бірге болдым", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0